19.04.2023, 10:30
Оқылды: 14

«Соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен»

Астанада дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.   

IMG_20230419_092335_105

«Макроэкономикалық саясатты өте байыпты жүргізу керек. Бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеу қажет. Иә, экономикамыз өсіп жатыр.

Бірақ салық түсімдерінің ішкі жалпы өнімге қатысты өсу қарқыны – тұрақсыз. Кейбір мамандар «Салық жеңілдіктері өте көп болған соң, түсім азайып жатыр» дейді. Бұдан басқа да себептер айтылады.

Жалпы, соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен. Әрине бұл цифрдың дұрыс-бұрыстығын тексеру қажет. Талай жылдан бері жалғасып келе жатқан осы мәселені түпкілікті шешетін уақыт жетті», - деді Президент.

aqorda-ның telegram каналынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале