21.05.2021, 17:22
Оқылды: 28

"Соңғы қоңырау"  салтанаты үш түрлі форматта өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2021 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаудан өткізу мерзімін бекіту туралы 2021 жылғы 5 мамырдағы №203 бұйрығына сәйкес "Соңғы қоңырау" іс-шарасы дәстүрлі түрде 25 мамырда (икемді кесте бойынша) өткізіледі. Биыл санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты "Соңғы қоңырауды" өткізудің 3 форматы ұсынылды.

WhatsApp Image 2021-05-21 at 12.17.19

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева баяндады.

Біріншісі – 9, 11 сыныптарға мектептерде (салтанатты жиын) өңірлік бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша мектеп аумағында ашық алаңда санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.           Екіншісі – сыныпта (сынып сағаты түрінде).

Үшіншісі – онлайн (сынып сағаты түрінде).

"Соңғы қоңырауды" ұйымдастыру барысында барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, бетперде режимін және 1,5 метрден кем емес арақашықтығын сақтау кешенді қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді бағытында жұмыстар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға қатаң тыйым салынатынын жеткіземіз.

Шектеу шаралары ескеріліп, іс-шараның тәрбиелік маңызын іске асыру мақсатында іс-шара ресми мектеп қабырғасында өткізіліп, түрлі ойын-сауық орталықтарында өткізуге, мерекелік дастарқандар жасауға рұқсат етілмейді.

 

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале