15.12.2016, 12:09
Оқылды: 55

Сот қызметкерлері марапатталды

screenshot_2016-12-15-23-05-25-1Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын облыстық сот ұжымы да салтанатты түрде атап өтті. Мерейлі мерекеге орайластырып ұйымдастырылған шараны облыстық сот төрағасы Бек Әметов жүргізді.


 

Жиында сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері сөз сөйлеп, әріптестеріне игі тілектерін жеткізді.

Содан соң Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, сот жүйесінің бір топ үздік қызметкерлері марапатталды. Оларды атап айтар болсақ, облыстық, қалалық және аудандық соттың судьялары В.Дмитриенкоға, К.Қадырбековке, А.Дүйсенғалиевке, А.Ахметовке, Г.Дәулетқалиеваға және қалалық, облыстық соттың мамандары Е.Ермачкова мен А.Қойбағароваға облыс әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

Судьялар К.Махметов, Н.Сейдахметова, М.Бақтығұловтар ҚР Судьялар Одағының алғыс хатымен марапатталды.

Облыстық соттың судьясы Е.Боранбаев ҚР Судьялар Одағының Құрмет грамотасына ие болса, облыстық сот судьясы Х.Аманқұлов пен қалалық соттың судьясы Б.Мәмбетов ҚР Судьялар Одағының «Үш би» Құрмет белгісін кеуделеріне тақты.

Сондай-ақ облыстық соттың бас маманы Р.Төлеуғалиева мен Орал қалалық сотының судьясы Г.Қойбағарова ҚР Жоғары Сотының «Сот жүйесінің үздігі» ІІ және ІІІ дәрежелі медалімен марапатталды.

ҚР Жоғары Сотының «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалі облыстық соттың судьялары Зәуреш Қыясова мен Гүлнар Миниуске табыс етілді.
Бұдан басқа тағы бір топ үздік судьяға ҚР Президентінің 2016 жылдың 29 қарашасындағы №380 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі табысталды. Жиында сот қызметінің жұмысын кеңінен насихаттаған бірқатар БАҚ өкілдеріне де ерекше сый-құрмет көрсетілді.

Айша ӨТЕБӘЛІ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале