26.01.2022, 17:30
Оқылды: 146

Сот қызметкердің бұрынғы лауазымын қалпына келтірді

Еңбек дауы бұл – жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек заңнамасын дұрыс қолдану сұрақтары бойынша, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы реттелмеген еңбек шартында көрсетілген еңбек жағдайларын орындауға байланысты келіспеушіліктер. 

WhatsApp Image 2022-01-25 at 21.49.10

Алайда жұмыстан босатылған қызметкер өз құқығын қорғау және қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Осылайша, Д. есімді азамат Орал қаласының №2 сотына жұмыстан шығару актісін заңсыз деп танып, оның күшін жою, бұрынғы жұмысына қалпына келтіру, мәжбүрлі түрде жұмыстан босатылған уақытына еңбекақысын өндіру талабымен жүгінді.

Талапкер 2012 жылдың 23 шілдесінде «Орал су арнасы» МКК-на жеке еңбек шарты мен бұйрыққа сәйкес заңгер қызметіне қабылданған. 18.06.2019 жылғы бұйрықпен 119890 теңге жалақымен 11-санаттағы заңгер лауазымына ауыстырылады және оған 19.06.2019 жылы қосымша еңбек шарты жасалады. Одан әрі, 21.08.2020 жылғы жадынама негізінде, бас директор орынбасарының 25.08.2020 жылы серіктестіктің қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты штатты қысқарту туралы бұйрық шығарылып, тиімділікті арттыру және кірісті оңтайландыру шаралары жоспарланған. Осыған байланысты, 2020 жылғы 30 қыркүйекте талапкермен еңбек шарты ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 1, 2-тармағына сәйкес бұзылды.

Келісу комиссиясының шешімімен талапкерді жұмысқа қайта қабылдаудан бас тартылып, содан соң ол сотқа жүгінуге мәжбүр болады.

Сот іс материалдарын зерттеп, еңбек шартының бұзылуы заңсыз деп танып, қызметкер жұмысқа қайта алынуы тиіс деп шешті. Бұл ретте жұмысқа қайта қабылданған қызметкер пайдасына 609338 теңге мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін жалақы, 50000 теңге моралдық зиянды өтеу ретінде өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале