Сотқа Тасқала ауданының 67 жастағы тұрғыны қарт әкесін бағып-қаққан уақытын еңбек өтіліне белгілеу туралы арызбен жүгінген.

Сурет: istockphoto.com
Арыз берушінің сөзінен, жасына байланысты зейнеткерлікке шыққанда, қарт ата-анасына үнемі қамқорлық көрсету қажеттілігіне байланысты жұмыс істемеген уақыты еңбек өтіліне есептелмеген. Еңбек өтілін растау және есепке алу мақсатында уәкілетті органның ұсынымы бойынша зейнетақысына қосымша үстеме тағайындау үшін осы фактіні анықтап беру туралы өтінішпен сотқа жүгінген.
Сот отырысында куәгерлер: арыз берушінің ауылдастары мен көршілері оның шынымен де қарт әкесіне қамқорлық жасағанын растады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекісіне сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде мыналар: басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт еңбек қызметі есебіне алынады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот арыз берушінің уәждерін негізді деп санап, арызын қанағаттандырды.
Шешім заңды күшіне енді.