Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде дәстүрлі «Алтын доп – 2025» футзал турнирі өткізілді.

Университеттегі «Индустриалды-технологиялық институты» оқытушылары мен «Сұңқар» спорт клубы бірлесе ұйымдастырған шараға институт қызметкерлері мен білім алушылары қатысты. Басты мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайту. Турнир қорытындысы бойынша 2-курс студенттерінің құрама командасы жеңіске жетті. Ал 1-курс студенттері екінші орынды иеленсе, ИТИ оқытушылар құрамы үшінші орынға тұрақтады. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тартысты ойын көрсетті.
БҚАТУ баспасөз қызметі