19.06.2023, 12:30
Оқылды: 50

Спортшы қыздар күміс жүлдегер атанды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студент қыздары түрлі спорттық жарыстардан жүлделі орындардан көрініп жүр.

40cb52d1-562e-424d-a6c6-2c587a813cb7

Атап айтқанда, университетіміздің «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының студенттері Зейнеп Баянова (ІІІ курс) мен Айымгүл Абылова (І курс) және «Агротехнология» институтының ІV курс студенті Айкөркем Ихсанова әйелдері күресінен күміс медальды еншілеп, тағы бір белесті бағындырды.

Зейнеп Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі орыннан көрінсе, Айымгүл мен Айкөркем Ақтау қаласында өтіп жатқан ҚР Жоғары оқу орындары студенттері арасында ХІІ жазғы универсиадада күміс жүлдеге ие болды.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале