14.03.2023, 15:30
Оқылды: 52

С.Сейфуллин атындағы мектепте "Наурызнама" этно кеші өтті

Өңірде Наурыз мейрамына арналған шаралар басталды. Қалалық білім ұйымдарында ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, жас ұрпаққа рухани ұлттық бағытта тәрбие беру, ұлтымыздың салт-дәстүрін оқушы бойына сіңіру, тәлім-тәрбие беру мақсатындағы шаралар ұйымдастырып жатыр.

11 мектеп (2)

Қаладағы 50 орта мектеп пен 50 мектепке дейінгі ұйым дәстүрлі «Бауырсақ» фестивалін өткізді.

Аталмыш шара қаладағы дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында да өтті.

11 мектеп (7)

Мерекесі қарсаңында мектепте “Наурызнама” этно кеші, бүгін Көрісу күніне орай “Бауырсақ-party” ұйымдастырылды. Ал мектептің 1-інші қабатында киіз үй композициясы жабдықталған.

Ұстаздар мен оқушылар ұлттық нақышта киініп, әшекей бұйымдарын тағып келді.
“Мектеп Парламенті” және “Жас Ұлан” ұйымдарының мүшелері оқушыларға ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдардың жасалуы, тәрбиелік мәні туралы баяндады.

Ата-аналардың қолдауымен мектеп ауласында қазандар көтеріліп, бауырсақ пісіріліп, көже дайындалды.
Ертең мектепте  ұлттық ойындар өтсе, 16 наурыз “Домбыра - party” флэшмобы ұйымдастырылады.

zhaikpress.kz

11 мектеп (1) 11 мектеп (4) 11 мектеп (5) 11 мектеп (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале