22.04.2024, 17:45
Оқылды: 60

Студенттер арасындағы республикалық хакатонда су тасқынын болжауға арналған жоба жеңіске жетті

"Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерінен құралған «NeoNomad» командасы Түркістан қаласында өткен «Recodetau» деп аталатын республикалық хакатонға қатысып жеңіске жетті. Республика бойынша 18 бен 25 жас аралығындағы  150-ге жуық адам қатысқан байқауда, жастар бизнесті цифрландыруға бағытталған 8 тақырып және қосымша табиғи апаттар кезінде жедел әрі оңтайлы шешім шығаруға бағытталған жоба жасап, қорғады", - деп хабарлайды ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.
ebf3bf8974e3623a13ec351f27c9f9d4_1280x720
- Байқау кезінде командамен ақылдасып табиғи апаттар мәселесін шешуге арналған «ReDabyl» атты жобаны әзірледік. Бұл су тасқыны секілді табиғи апат кезінде жұмыс істеуге арналған мониторинг және алдын ала болжаудың кешенді жүйесі. Жобаның басты міндеті – сенсорлар нақты уақыт режимінде өзен арналарының бойында орналасқан су деңгейін және басқа параметрлерді үздіксіз бақылайды. Су тасқынын көрсететін шекті мәннен асқан кезде сенсорлар автоматты түрде жауапты органдарға дабыл туралы ақпаратты жібереді. Осылайша, мамандандырылған бригадаларды дәл қажет жерге жіберу арқылы жұмыс күшін азайтуға және автоматизациялауға көмектеседі. Бұл байқау бүгінге дейін жинаған тәжірибеміздің жемісі болды. Командалық жұмыстың арқасында 1 орын иеленіп, Үндістан мемлекетіне 10 күн тәжірибе алмасуға мүмкіндік алдық, - деді «NeoNomad» командасының жетекшісі Темірлан Әбжанов.
2d8fc640ff4f31c0f8ee17cb827ef331_1280x720
Елімізде ІТ бағыты қарқынды дамып, үздіксіз жаңа жұмыс орындарын ашатын саланың біріне айналды. Мемлекет басшысы ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде ІТ саланы серпінді дамытуға бағытталған жобалардың қолданысын кеңейтуді тапсырған еді. Бұл бағытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті  белсенді еңбек етуде. «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторының ұйымдастыруымен «Startup Joly» инкубациялық бағдарламасы, «Innofest Kyzylorda» республикалық инновациялық жобалар фестивалі, «Smart city Hackathon» облыстық хакатоны, «Pecha Kucha night», «Skills Up», «Startup talapker», «Kyzylorda Idea Battle» атты жастардың білімі мен стартап жобаларын дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда бизнес-инкубаторда 46 студенттік стартап орындалуда.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале