13.12.2022, 16:30
Оқылды: 53

Студенттер МӘМС жүйесінде медициналық көмек ала алады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына мемлекет МӘМС жарналарын төлейтін жеңілдікті санаттардың бірінің өкілдері ретінде студенттер үшін сақтандырылған мәртебесін алу мәселелерімен жиі жүгінеді.

изображение_2022-12-13_163051

Қор филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова бұл мүмкіндік шетелде оқитын қазақстандықтар үшін қалай қарастырылғанын, сондай-ақ студенттердің неге кейде сақтандырылмайтынын түсіндірді.

Жеңілдік бойынша сақтандыру кімге беріледі?

МӘМС туралы заңға сәйкес (26-баптың 1-тармағының 13-тармақшасы), жасына қарамастан, күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындардың барлығы (мейлі ол 18 жасқа толған мектеп оқушылары болсын, колледж, ЖОО немесе басқа да оқу орындарының студенттері болсын) азаматтардың жеңілдікті санатына кіреді, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.

Студенттер мемлекет есебінен сақтандырылған болып табылады және МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. Айта кетейік, аймақта 32 мыңнан астам студент бар.

Қазақстанда оқитын студенттер үшін сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі:

Сақтандырылғандар мәртебесі Қазақстан аумағында оқитын азаматтарға жеңілдік ретінде беріледі және олардың деректері оқу орнының ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Ол, өз кезегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДҚ) біріктірілген.

Деректерді енгізуге студенттер оқитын оқу орындарының әкімшілігі немесе деканаттарының қызметкерлері жауапты болады. ЖСН, Т.А.Ә., оқу кезеңі және оқыту нысанын дұрыс толтыру міндетті шарт болып табылады. Егер бұл жолдар дұрыс толтырылмаған жағдайда, онда сақтандырудың жеңілдетілген мәртебесі автоматты түрде берілмейді.

Егер отандық ЖОО студенті сақтандырылмаған болса не істеу керек?

Мәртебе ҰБДҚ-да студент туралы тиісті ақпараттың болуына байланысты берілетіндіктен, сіз өзіңіздің оқу орныңыздағы жауапты қызметкерге хабарласып, ақпараттық жүйеде деректерді тексеруді сұрауыңыз қажет. Кейде ақпараттың жаңартылмағаны анықталады.

Кері байланыс

Өкінішке орай, күндізгі нысанда оқитын студенттердің барлығы МӘМС туралы заң бойынша өздерінің жеңілдік берілгендер санатында екендігін және МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды төлеулері қажет еместігін біле бермейді. Әсіресе шетелде білім алып жүрген студенттер. Сондықтан Қор мемлекет есебінен олардың МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебеге ие екендіктерін тағы да еске салады.

Егер студент көрсетілген тәсілдермен жеңілдік мәртебесін ала алмаса немесе мәртебесінен айрылып, оқу орнының қабырғасында шешім таба алмаса, онда ол өтінішті Қордың кеңсесі арқылы пошта арқылы жібере алады: [email protected] немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы. Қор өзіне жүгінген тұлғаға сақтандырылған мәртебесін беру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ҚР Сыртқы істер министрлігімен ынтымақтастықта қажетті жұмысты жүргізеді.

Егер сұрақтарыңыз болса, Қорға келесі қол жетімді байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 және Telegramдағы Saqtandyry-Bot мобильді қосымшасы.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале