6.08.2026, 16:45
Оқылды: 7

Студенттік өмір: білім, белсенділік және жауапкершілік

Студенттік шақәр адамның өміріндегі ең жарқын, ең маңызды кезеңнің бірі. Бұл – тек дәрісханадағы біліммен шектелетін уақыт емес, бұлтұлғаның қалыптасатын, армандары айқындалатын, өмірлік ұстанымы бекитін ерекше белес. Дәл осы кезеңде жас адам өз болашағына бағыт-бағдар алып, кәсіби маман ғана емес, елінің жанашыр азаматы ретінде қалыптасады.

IMG_0230.JPG

Бүгінгі қоғам білімді ғана емес, белсенді, жаңашыл, жауапкершілігі жоғары жастарды қажет етеді. Сондықтан қазіргі студенттің міндеті – сапалы білім алып қана қоймай, қоғамдық өмірге араласу, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, шығармашылық пенволонтер  ғылымға қызығушылық таныту және әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысу.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттердің жан-жақты дамуына барлық мүмкіндік жасалған. Университет қабырғасында білім беру сапасымен қатар, тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары, ғылыми үйірмелер, пікірсайыс клубтары, волонтерлік қозғалыстар, спорттық секциялар мен шығармашылық ұжымдар жастардың қабілетін ашып, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.

IMG_0229.JPG

Белсенді студент – университеттің ғана емес, қоғамның да қозғаушы күші. Ол өз ортасына оң ықпал етеді, жаңа идеялар ұсынады, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайды және ортақ іске жауапкершілікпен қарайды. Волонтерлік қызметке қатысу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, экологиялық акцияларға атсалысу немесе ғылыми жобаларды жүзеге асыру – мұның барлығы азаматтық жауапкершіліктің нақты көрінісі.

Сонымен қатар студенттік өмір – өз-өзіңді тәрбиелеу мектебі. Уақытты тиімді жоспарлау, білімге ұмтылу, академиялық адалдық қағидаларын сақтау, өзгелердің пікірін құрметтеу және еңбекқорлық сияқты қасиеттер дәл осы кезеңде қалыптасады. Нағыз жетістікке тек білім арқылы ғана емес, табандылық, тәртіп және жауапкершілік арқылы жетуге болатынын студенттік жылдар дәлелдейді.

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Ақпаратқа қол жеткізу бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Бірақ технология қаншалықты дамыса да, адам бойындағы адалдық, әділдік, ізгілік, еңбекқорлық сияқты құндылықтардың орны бөлек. Сондықтан жоғары оқу орнының басты мақсаты – заманауи біліммен қатар, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, сыни ойлайтын, жауапкершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми конференцияларда, спорттық жарыстарда, мәдени іс-шараларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Бұл – олардың білімге деген құштарлығының, белсенді өмірлік ұстанымының және өз мүмкіндіктеріне деген сенімінің айқын дәлелі.

Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Сондықтан білім мен тәрбиені қатар алып жүру – әрбір студенттің басты қағидасы болуы тиіс. Білім адамның кәсіби деңгейін көтерсе, тәрбие оның адамдық болмысын қалыптастырады. Ал белсенділік осы екі құндылықты қоғам игілігіне бағыттайтын күш.

Студенттік өмір – болашаққа бастар алтын көпір. Бұл кезеңді әрбір жас тек білім алуға ғана емес, өзін дамытуға, қоғамға пайдасын тигізуге, жаңа белестерді бағындыруға арнауы қажет. Себебі бүгінгі студент – ертеңгі елдің инженері, ғалымы, аграрийі, кәсіпкері, мемлекеттік қызметкері және көшбасшысы.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті әрбір студенттің кәсіби білім алып қана қоймай, жоғары мәдениетті, азаматтық жауапкершілігі мол, отаншыл әрі бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына барлық жағдай жасап келеді.

Өйткені университеттің ең басты жетістігі – заманауи талаптарға сай білімді ғана емес, ел болашағына қызмет ететін саналы азамат тәрбиелеу.

Білім – болашақтың кілті, белсенділік – табысқа бастар жол, ал жауапкершілік – нағыз тұлғаның басты қасиеті. Осы үш құндылық студенттік өмірдің ажырамас негізіне айналғанда ғана жарқын болашаққа сенімді қадам жасауға болады.

Бибигүл Сарбалина
Техника ғылымдарының кандидаты,
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Политехникалық институты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале