21.08.2023, 15:45
Оқылды: 40

Су астында бағдарлаушылар Еуропа чемпионатында екі жүлдеге қол жеткізді

13-20 тамыз күндері Чехия Республикасының Яблонец-над-Нисоу қаласында су астындағы бағдарлаудан XXXI ашық Еуропа чемпионаты өтті.

Шумилова

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ұлттық құрама спортшылары байрақты бәсекеде екі күміс медаль жеңіп алған.

Алғашқы жарыс күні Людмила Шумилова мен Шохноза Курбанова жұбы «MONK» жаттығуында 2-ші нәтиже көрсеткен. Мұнда барлық спортшы белгіленген карта бойынша су астында жүзіп өтуі керек. Сосын, «Паралель» жаттығуында Людмила Шумилова күміс медальге ие болды.

Айта кетейік, чемпионатқа Қазақстан құрамасының аға бапкері Валерий Васильевтің жетекшілігімен 2 спортшы барды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале