Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексінің жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр.
Су ресурстары және ирригация министрілігінің хабарлауынша, су тасқыны мен құрғақшылықты алдын ала болжау, жоспарлау және жедел ден қою іс-шараларының бірыңғай жүйесін енгізу бойынша жеке тарау дайындалды. Мемлекеттік органдардың су тасқыны мен құрғақшылықтың алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралары мен құзыреттері айқындалды.
Сондай-ақ ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына да өзгерістер енгізіледі. Су тасқынының алдын алу және одан келетін залалды азайту үшін кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу қарастырылып отыр. Су тасқынын болжау мен модельдеуді жетілдіру, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар күшейтілуде.
«Қазіргі уақытта тұжырымдамаға енгізілетін түзетулер басқа мемлекеттік органдармен талқылануда. Сонымен қатар, біз су тасқынына қарсы тиімді күрес тәжірибесі бар мемлекеттердегі әріптестерімізбен үнемі кездесіп, озық шетелдік тәжірибені белсенді зерттеп жатырмыз», – деді ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.