БҚО санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында департамент халыққа берілетін ауыз судың сапасына үнемі мониторинг жүргізетінін атап өтті.
- Тасқын кезінде су сапасына күнделікті зертханалық бақылау жүргізіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг кезінде микробиологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге су сынамалары іріктеліп, зерттеледі. Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесінен барлығы 1489 сынама алынды. Оның ішінде микробиологиялық зерттеуге 749 сынама. Одан 33 сәйкессіздік анықталды. Сонымен қатар санитарлық химиялық зерттеуге 740 сынама алынып оның 41 сынамасынан сәйкессіздік анықталып отыр. Басым бөлігінің қаттылығы мен лайлылығы сәйкес келмеді. Судың сәйкес келмейтін сынамаларын реттеу үшін су шаруашылығы ұйымдары, кейіннен ауыз су сынамаларын іріктеп, сумен жабдықтау жүйелерін жуу және дезинфекциялау жөніндегі іс-шараларын жүргізеді, – деді Мұхамғали Арыспаев.
Облыстың бас санитары су сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері қорытындысында жұқпалы аурулардың су арқылы пайда болу қаупі жоқ екенін баса айтты.
- Су тасқынынан зардап шеккен аумақта халықты патогендік микроорганизмдермен жұқтыру және инфекциялық, оның ішінде аса қауіпті аурулардың таралу қаупі артады. Дезинфекция - бұл қоршаған орта объектілеріндегі патогендік микроорганизмдерді адамдарға жұқтырудың алдын алу үшін бағытталған іс шара,–деді Мұқамғали Қайыржанұлы.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz