20.05.2024, 14:45
Оқылды: 41

Су тасқыны: 61 мыңнан астам адам үйіне оралған

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы, үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыс жүргізіліп жатыр.

су орал дача

Фото: zhaikpress.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша эвакуацияланған 61 352 адам үйіне оралған.

5 452 адам уақытша орналасу пунктінде тұрып жатыр.

11 319 жеке тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылған.

7,9 миллион артық қапшық және 1,5 миллион тонна инертті материал төселді.

Өткен тәулікте  Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан аула аумағынан 130 800 текше метр су сорылды.

Атырау облысының Құлсары қаласы мен Индер ауданының Индербор ауылында су басқан аумақтардан 95 852 текше метр су сорылды. 16 500 қап және 1 106 инертті материал төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Атырау қаласы мен Махамбет ауданында қосымша бөгеттерді нығайту жұмысы аяқталды.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмысы жалғастырылып жатыр. Өткен тәулікте 6 870 қапшық пен 3 950 тонна инертті материал төселді.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы мен Бәйтерек ауданының Мичуринское ауылында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суы сорылып жатыр. Өткен тәулікте 203 260 текше метр су сорылған.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмысқа 5 112 адам, 730 техника, 243 су сору құралы және 57 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале