17.04.2024, 15:15
Оқылды: 52

Су тасқыны басталғалы Жайық өзеніндегі су деңгейі 6 метрге көтерілген

Су тасқыны басталғалы Жайық өзеніндегі су деңгейі 6 метрге көтерілген. 

су орал дрон (2)

- Қазіргі таңда «Қазсушар» қарамағындағы су қоймаларының орташа толтырылуы 81% немесе 410,2 млн. текше метрді құрайды. Қауіпті деңгей 507 млн.м³.

Филиал Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарының су шаруашылығы қызметтерімен күнделікті ақпарат алмасуда.

Ресейлік әріптестердің мәліметінше, БҚО аумағына Приузен су қоймасынан Үлкен Өзенге секундына 12 текше метр шығынымен су тасталып жатыр, Үлкен Өзенде су тасқыны аяқталды. Сары Өзенде су тасқынынан қауіп сейілді. Қазіргі таңда қос өзенге 400,0 млн. текше метрден астам тасқын су алынды. Бұл ағын су лимандарға және табиғи шабындықтарға, сондай-ақ су қоймалары мен көлдерді толтыруға бұрылды.

Шаған су қоймасында судың деңгейі 30 м. Су тастағыш имараты 2023 жылдың күзінен бастап толық ашық, бүгінде Шағанға Жайықтан су тірелуі туындады. Суды жазғы-күзгі мезгілдерге сақтап қалу үшін, су тастағыш имараты тасқын мөлшері азайған кезде жабылады. Шаған және Деркул өзендерінің бойындағы гидробекеттерде су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Орынбор облысында орналасқан Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне су тастау мөлшері су қоймаға келетін судың азайюына байланысты секундына 345 текше метрге түсті.

Жайық өзенінің деңгейі тәулігіне +3 см өсіп, сағат 08:00-де 779 см құрады, қауіпті деңгей 850 см. Су тасқыны басынан бері өзен деңгейі жалпы 6 метрге көтерілді. Бүгінгі таңда Жайық өзеніндегі су деңгейі жергілікті ағынның және орта ағысында орналасқан өзендердің суынан көтерілді. Сәуір айының екінші жартысында Сақмара өзенің және Ирикла су қоймасынан тасталған судың есебінен көтерілуі күтілуде.

Жайық өзенінен Жайық-Көшім жүйесіне секундына су 123 текше метр шығынмен түсіп жатыр. Қазіргі таңда су қоймаларына су жиналып, көлтабандар мен табиғи шабындықтарға су беру басталды.

Филиалдың су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты, - деді «Қазсушар» РМК директорының міндетін атқарушы Рауан Құсайынов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале