24.04.2024, 12:23
Оқылды: 73

Су тасқыны кезінде бұзылған жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары қалыпқа келтіріліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында еріген қар суының және жауған жаңбырдың салдарынан 58 автомобиль жолының 135 учаскесін су шайды. Ал Республикалық маңызы бар 2 жолдың 5 учаскесіне су жайылды. Сондай-ақ Республикалық маңызы бар 1 жол 1 учаскесін су шайып кетті. Қазіргі таңда барлық мәселе шешілді. Қазір автомобиль жолдары толықтай қалпына келтірілді. Ол туралы өңірлік комуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО-ның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетов мәлімдеді.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 11.59.32

Облыстық маңызы бар 6 жолдың 33 учаскесіне жайылған судың да, жолы бұзылған 4 учаскедегі судың да беті қайтты. Қазір жағдай реттелді. Одан бөлек 23 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 28 учаскесіне су жайылды. Қазір 27 учаскеде су тоқтады, 1 учаскеде судын жайылуы жалғасуда. Тасқын кесірінен шайылып қалған 65 учаскенің 46-сы қалпына келтірілді.

- Казіргі таңда Шыңғырлау өзенінің көтерілуіне байланысты аталған ауданның Ақтау ауылына баратың аудандық манызы бар автомобиль жолындағы көпірге кіреберіс жолдары шайылып кетіп, көлік қатынасы бұзылды. Жоғарыда көрсетілген ауылға қатынас айналма жол арқылы ұйымдастырылды. Шайылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары 1 мамырға дейін аяқталады, - деді БҚО-ның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Аймағамбетов.

Облыс аумағында барлығы 1466 су өткізгіш құбыры бар. Оның 414-і Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында болса, 370 құбыр Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойында. Сондай-ақ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарға 662 құбыр салынған.

Жолдардағы тасқын судың салдарын жою мақсатында облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 72 учаскесіне жаңа су өткізу құбырларын салу, сондай-ақ қолданыстағы су өткізу құбырларын қайта орналастырып,өткізу қабілетін ұлғайту үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен қатар биыл үш көпір салуға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталып кетті. Олар Жымпиты – Қаратөбе облыстық манызы бар жолдың 102 шақырымы мен Қаратөбе ауданы Қоржын ауылына баратын жолда және Шынғырлау аудыны Ақтау ауылына баратың аудандық манызы бар автомобиль жолына салынады.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале