БҚО Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы су тасқыны кезінде Жайық, Шаған және Деркөл өздерінің жағалауында орналасқан саяжайларда тұрғындарға тұруға жол бермеу бағытында саяжайлар серіктестігі төрағалары мен тұрғындар арасында жиналыс өткізді.
2015-2017 жылдар аралығында Орал қаласы аумағындағы саяжайларда тұратын тұрғындар саны 11 502 адам болса, оның 3718-і балалар екен.
Жиында су тасқыны кезінде саяжайларда тұру қауіпті екені ескертіліп, тұрғындарға құжаттарды су өтпейтіндей етіп сақтауды, судың деңгейін үнемі назарда ұстау ескертілді. Қолайсыз жағдайды естіген кезде алдын ала бағалы заттарды жинап ыңғайлы жерге шығаруға кеңес берілді.
Өзімен бірге міндетті түрде мобильді байланыс құралдары болуын, жағдай қиындаған кезде бірден «112» кезекшілік-диспетчерлік қызметке хабарлау қажеттігі айтылды.
Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жиналыс соңында су басу кезінде өзін қалай ұстау керектігі жөніндегі 1500 дана жаднама парақтарын таратты.
zhaikpress.kz