17.04.2024, 16:02
Оқылды: 55

Су тасқыны: көлігі суға кеткендерге көмек көрсетіле ме?

Су тасқыны салдарынан көлігі суға кеткен азаматтар мүлкіне келген зардапты есептетіп көмек ала алады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

су дрон самал (9)

Фото: zhaikpress.kz

Журналистер Қаржы вице-министрінен көлігі су астында қалған азаматтарға Үкімет шығынды қалай өтеп беретінін сұрады.

Әр жағдайды комиссия жеке-жеке қарайды. Оларға да (көлігі суға кеткендерге де – ред.) көмек көрсетіледі. Барлық мүлік есептеледі. Міндетті түрде зардапты толық есептейміз. Президент те, үкімет басшысы да уәде берді, – деп түсіндірді Қаржы вице-министрі.

Біржанов атап өткендей, су басқан өңірлердегі несие алған тұрғындардың төлем мерзімдері қайта қаралады.

Несие бойынша барлығына көмек көрсетіледі. Несие төлемінің мерзімі өтіп кеткен болса да, көмек көрсетеміз. Несиені реструктуризациялау мәселесі де қаралып жатыр, – деп айтты ол кулуарда.

Оның айтуына қарағанда, Қаржы министрлігі шілдеге дейін салықтан босату туралы бұйрық шығарған.

Бұған дейін үйі су астында қалғандар мен малы қырылған тұрғындарға өтемақы қалай есептелетінін хабарлаған едік. Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға бірреттік ақшалай төлем берілді. Оның көлемі шамамен 100 АЕК-ке дейін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале