"Батыс Қазақстан облысының су құрсауында қалған елді мекендеріне қол ұшын созу мақсатында, «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамының тарапынан 209 бірлік техника жұмылдырылды", - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚОФ баспасөз қызметі.
Оның ішінде 9 облыстық филиалдарынан тасқынға қарсы жұмыстарға көмек көрсету үшін 102 бірлік арнайы жол техникасы келсе, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚОФ-нан мердігер ұйымдардың 107 бірлік техникасы ат салысты, оның ішінде:
Мердігер ұйымдардан 107 бірлік: автогрейдер 13 бірлік, бульдозер 7 бірлік, тиегіш 19 бірлік, самосвал 58 бірлік, экскаватор 10 бірлік.
Басқа облыстардан 102 бірлік: бульдозер 1 бірлік, тиегіш 17 бірлік, самосвал 81 бірлік, трал 3 бірлік.
Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жалғасуда, техника көмек көрсету үшін облыстың әртүрлі аудандарына жіберілді, оның ішінде өзге облыстардан келген техникамен бірге «ҚАЖсервис», «Uniserv», "Теміржол жөндеу", "Атырау жолдары", "Ақжолқұрылыс", «ДСК Приоритет», «Казкомсервис» сияқты жергілікті мердігер ұйымдардың техникалары Орал қаласы, Ақжайық, Бәйтерек Теректі және Қаратөбе аудандарына жұмылдырылды. Атап айтқанда:
- Ақжайық ауданына 38 бірлік: самосвал 28 бірлік, тиегіш 9 бірлік, трал 1 бірлік;
- Бәйтерек ауданына 15 бірлік: самосвал 13 бірлік, тиегіш 2 бірлік;
- Теректі ауданына 13 бірлік: самосвал 10 бірлік, тиегіш 2 бірлік, трал 1 бірлік;
- Қаратөбе ауданына 10 бірлік: самосвал 6 бірлік, тиегіш 3 бірлік, бульдозер 1 бірлік.
- Орал қаласына 26 бірлік: самосвал 24 бірлік, тиегіш 1 бірлік, трал 1 бірлік.