24.05.2024, 9:00
Оқылды: 70

Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_20240524_082123_248

Қазақстан Үкіметі ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеуді жалғастырып жатыр.

Бүгінгі таңда 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30 912 өтінім қабылданды. Аталған жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасуда.

Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау аяқталды.

356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтемақы алды.

Айта кету керек, мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 млрд теңгеге жетті.

Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале