31.10.2024, 12:21
Оқылды: 35

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды қолдау бағытында қандай шаралар іске асырылды?

Биылғы көктемде көптеген тұрғындардың үйлерін су басты. Өңір басшылығы су тасқынының салдарын жоюға ерекше назар аударды. Бүгін өткен халықпен кездесу барысында облыс әкімі жағдай өте күрделі болғанын атап өтті. Табиғи апат салдарынан 2 мыңға жуық тұрғын үй мен 15 мыңға жуық саяжай учаскелері су астында қалып, көптеген отбасылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.

IMG-20241031-WA0030

"Зардап шеккендерді қолдау шеңберінде жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге 9994 отбасына біржолғы ақы төленді, сондай-ақ 3,7 млрд теңгеге 10 222 отбасына материалдық өтемақы берілді. Одан бөлек тұрғын үй қорын қалпына келтіру үшін су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үйін жөндеуге 4,3 млрд теңге бөлінді", - деді облыс басшысы.

Тұрғын үй проблемаларын шешу мақсатында 40,8 млрд теңгеге 1939 пәтер сатып алынды, сондай-ақ құны 23,7 млрд теңгені құрайтын 889 тұрғын үй берілді. Қосымша, қайырымдылық қорларының қолдауымен 69 тұрғын үй сатып алынды. Тасқыннан зардап шеккендерге "Асар Уме" қорынан 37 үй, "Алтын Ордадан" 15 үй, "Ыстық жүрек" қорынан 2 және "Конденсаттан" 15 үй алынды. Бұл шаралар тұрақтылықты қалпына келтірудегі және табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам болып табылады. Облыс әкімі билік қиын жағдайға тап болған отбасыларға үнемі көмектесуді және болашақта осындай жағдайлардың салдарын азайтуға күш салуды жалғастыратынына сендірді.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале