27.08.2022, 9:15
Оқылды: 143

Су жаңа кабинеттер

Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласы мектептерінде жаңа модификациялық кабинеттер жабдықталды.

IMG_20220827_090739

«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру» бағдарламасы бойынша білім ұйымдары физика биология, химия, география, информатика, математика, қазақ тілі, тарих, АӘД,  еңбек пен Stem-лаборатория, лингафон кабинеті, дефектолог-логопед кабинеттерін алу жоспарланған болатын.

IMG_20220827_090714

Қазіргі уақытта 4, 5, 9, 10, 12, 19, 21, 22, 24, 26, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 49 және Круглоозерный мектептерінің кабинеттері жабдықталды. Сонымен қатар бірнеше мектепке кабинеттерді жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

IMG_20220827_090655

Пәндік кабинеттерді жабдықтаумен қатар, мектептерге  интерактивті тақта, ақпараттық киоск алу және оқушылар үшін рухани жайлы орта қалыптастыру мақсатында коворкинг орталықтарын ұйымдастыру жұмыстары да жүргізілуде.

Алтынбек Ермекқалиев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале