19.04.2024, 20:06
Оқылды: 50

«Суды үнемдеп пайдалануды үйренуіміз керек»

Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан бүгін Жаңақала ауданына барды. Аталған ауданның әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен «Қазсушар» РМК БҚОФ Жаңақала пайдалану учаскесінің басшысы Ербол Төлеуғалиев жалпы суды басқару жұмысымен таныстырды.

IMG-20240419-WA0039

Олар алдымен Қызылоба ауылдық округіндегі Қарасу көлтабанына табан тіреп, одан әрі Пятимар су қоймасына, сондай-ақ Жалтыркөлге де барды. Аталмыш филиалға қарасты учаскенің басшысы Ербол Қамысбайұлы суды тиімді пайдалану мақсатындағы жоспарларды түсіндірді. Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан судың мол болғаны бұйырған ырыс-несібе екенін, енді соны дұрыс пайдалану үшін нақты жоспар мен шаралар болуы керектігін тілге тиек етті.
– Негізінде гидротехникалық құрылымдарға жөндеу жұмыстары жасалуының оң пайдасы бар. Өйткені су мол келген мезгілде өзен-көлдердің жағасындағы елді-мекендерді, оның ішінде үйлерді су апатынан сақтап қалуға мүмкіндік болады. Су - тіршілік көзі, нәрі. Бұл ретте «Қазсушар» мекемесіне зор сенім артып, жұмысының жандануына мүмкіндік беру қажет деп есептеймін. Өйткені осы су мәселесіне қатысты жұмыстардың бәріне жауапты бір мекеме болғаны дұрыс. «Көп суды жоқ қылуға болады, аз суды көп қылуға болады» деген сөз бар ел аузында. Сондықтан да суды үнемдеп пайдалануды үйренуіміз керек, – деді депутат Абзал Темірғалиұлы.

Аманжол Исламғали, 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале