15.04.2024, 15:18
Оқылды: 62

Суға кеткен үйлердің құжаттарын қалпына келтіруге болады

Қазіргі таңда үйлерін су басқан тұрғындардың баспанасын тіркеу және құжаттарының бар-жоғын тексеру мәселесі толғандыруда.

IMG-20240415-WA0134

Сонымен қатар тұрғындардың басым бөлігінде құқық белгілейтін құжаттар мен мемлекеттік акттер дайындалған. Кейбір тұрғындарға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту қажет. Ол туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев айтты.

Надир Шамұратұлы өз сөзінде қиын жағдайға тап болған азаматтар жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін төменде көрсетілген қажетті құжаттар тізімін жинақтауы керек екенін жеткізді. Оның айтуынша үйін су басқан адам ең алдымен жер учаскесінің бау-бақша және саяжай құрылысын жүргізу үшін нысаналы мақсатын өзгертуі керек. Сондай-ақ сәулет-жоспарлау тапсырмасын алғаны да жөн. (е-лицензия)

- Әр азамат эскиздік жобаны жасау, эскиздік жобаны келісу (Е-лицензия), салынған объектіні меншік иесінің өз бетінше пайдалануға қабылдауы туралы Акт, өз қалауыңызға, үйдің техникалық төлқұжатына өтініш беруі керек. Одан бөлек жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін электронды үкімет порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш беруге болады, – деді Надир Құрымбаев.

Егер де жылжымайтын мүліктің үй немесе жердің құқық тудырушы құжаттары, атап айтқанда әкім шешімі, сатып алу, сыйға тарту шарттары, салынған объектіні меншік иесінің өз бетінше пайдалануға қабылдауы туралы актісі, жер актісі, техникалық паспорттар және басқа да құжаттарға су тиіп, жарамсыз болып қалған болса да әр азамат тығырықтан шыға алады.

– Егер қандай да бір мүліктік құжаттарыңыз бүлінсе, қалпына келтіру немесе кеңес алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгіне аласыз. Сондай-ақ электрондық үкімет порталына онлайн өтініш беру арқылы құжаттарыңызды ала аласыз. Егер бұл құжаттар тіркелген болса, әр тұрғын оның телнұсқасын ала алады, - деді Надир Шамұратұлы.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале