6.09.2023, 16:30
Оқылды: 54

Сүт өнімдерін сатып аларда неге назар аудару керек?

Сүт өнімдерін сатып аларда неге назар аудару керек? Бұл сауалға БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің бас маманы Айдана Нұрғалиева жауап берді.

76E980BE-DDB5-412E-9644-64E71EB7A6A5

Сурет egemen.kz сайтынан алынды

«Бүгінгі күні әрбір тұтынушы сатып алатын тағам өнімі және оны өндіруші туралы толық және нақты мәлімет алуға құқылы.

Қажетті мәліметтердің барлығы өнімнің қорабында немесе орамада таңбалау арқылы көрсетілуге тиіс.

Таңбалауда болуы тиіс ақпарат Кеден Одағының «Тағам өнімдерін таңбалау бөлігі» 022/2011 техникалық регламентінің талаптарында көрсетілген.  

Біз күнделікті тұтынатын сүт өнімдерін де таңдау тәртібі бар.

Сүт өнімі – теңдесі жоқ аса құнды тамақ өнімі.

Сүт өнімдерінің құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Сүт өнімінің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, тағамның биологиялық құндылығын көтереді.

Сүт өнімдерін қалай таңдау керек?

Құрметті тұтынушылар!

- сауда орындарынан сүт өнімдерін сатып алмас бұрын шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз;

- сүт өнімдерін кездейсоқ сатушылардан сатып алмаңыз;

- өнімді таңдағанда әрқашан қаптаманың тұтастығына назараударыңыз;

- егер қаптама тұтас болмаса, тауарды сатып алуға болмайды;

- өнімнің таңбалануын мұқият оқып шығыңыз, құрамына мән беріңіз;

- өнімнің сыртқы түрін мұқият тексеріңіз;

- сүт өнімдері тоңазытқышта сақталмаса, оларды сатыпалмаңыз;

- егер өнім туралы ақпарат болмаған жағдайда немесеоқылмайтын, тым ұсақ шрифтпен жазылған болса, өнімді сатып алмағаныңыз дұрыс.

Сапалы және табиғи, ең бастысы денсаулығымызға қауіпсіз сүт өнімдерін таңдай білейік!», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале