14.03.2024, 17:37
Оқылды: 13

Светлана Жақыпова БҚО-дағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Батыс Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен танысып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Ол ХӘҚМ басшысы Орал қаласының Мансап орталығында болып, мемлекеттік қолдаудың көмегімен өз бизнесін ашқан грант алушылармен кездесті. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

29d2a17fa646fecec591d12734ca6850_1280x720

Фото: www.gov.kz

Бірінші күні Светлана Жақыпова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оның барысында БҚО-ның 38 тұрғынының зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, санаторий-курорттық емдеуге және тағы басқаға қатысты өтініштерін қарады.

Министр жұмыс сапары барысында Ақжайық және Бәйтерек аудандарының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына барды, онда мекеме басшылары оңалту іс-шараларын көрсету және сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті.

Сондай-ақ Еңбекминінің басшысы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға үй шаруашылығына барынша жақын жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және өз бетінше тұруға мүмкіндік жасалған арнайы үйдің жұмысымен танысты.

Сонымен бірге Светлана Жақыпова «Нұр-Ер» ат-спорт орталығында болды, онда қозғалыс, сөйлеу, сенсорлық және психологиялық кемістігі бар балаларды оңалту жүргізіледі.

 «Осындай әлеуметтік мекемелерді құру инклюзивті қоғамның даму стратегиясының бір бөлігі. Бұл мүгедектігі бар адамдарға білікті кешенді көмек көрсету бойынша үздік тәжірибелерді біріктіруге мүмкіндік береді, олардың дербестігін, тәуелсіздігі мен әлеуметтік бейімделуін дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті министр.

Жұмыс сапары барысында ЕХӘҚМ басшысы Орал қаласының Мансап орталығында болып, мемлекеттік қолдаудың көмегімен өз ісін бастаған грант иелерімен кездесті. Солардың бірі Ернар Кенжебеков 2022 жылы өзі алған 1,2 млн теңгеден астам грантқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, Бәйтерек ауданы Дарьинск ауылында тіс емханасын ашты. Ал осы ауылда тұратын Әлия Исказиева гранттың көмегімен 1,3 млн теңгеден астам сомаға жабдықтар сатып алып, өткен жылы киім жөндеу және тігу бойынша ателье жұмысын бастаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале