20.07.2026, 16:00
Оқылды: 20

«Сыбайлас дерті - балалардың көзімен» сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Бөкей ордасы ауданындағы балалардың жазғы сауықтыру лагерінде «Сыбайлас дерті - балалардың көзімен» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау.

WhatsApp Image 2026-07-20 at 16.24.41 (1)

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы М.Байсалов және Бөкей ордасы ауданының әкімі Н.Даумов қатысты.

WhatsApp Image 2026-07-20 at 16.24.42

Байқау барысында балалар өз шығармалары арқылы адалдық, әділдік, сенім, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын бейнелеп, қоғамдағы оң құндылықтарға деген көзқарастарын шығармашылық тұрғыда жеткізді.

WhatsApp Image 2026-07-20 at 16.24.42 (2)

Қатысушылармен кездесу барысында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, адалдық қағидаттарын дәріптеудің және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, балалармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың ой-пікірлері мен бастамаларына қолдау білдірілді.

WhatsApp Image 2026-07-20 at 16.24.43

Іс-шара қорытындысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы М.Байсалов байқау жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

БҚО бойынша департаментінің баспасөз хатшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале