8.08.2026, 14:30
Оқылды: 4

Сырдария бассейнін цифрландыру: Қазақстан мен Өзбекстан жаңа келісімдерге келді

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су қатынастары бойынша бірлескен жұмыс тобының 14-отырысы өтті.

2759ce4d8fee1deb8e8be4ba300ff250_original.90636

Фото: gov.kz

Жиынға екі елдің министрлері Нұржан Нұржігітов пен Шавкат Хамраев, сондай-ақ Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ералы Тоғжанов қатысты.

​Тараптар трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару туралы келісімнің ратификациялануын жоғары бағалап, Қазақстан-Өзбекстан бірлескен комиссиясы туралы ереженің жобасын қарады.

Сондай-ақ Сырдария өзені бассейніндегі 10 гидробекетті автоматтандыру мен су саласын цифрландыру жобасын оң бағалап, бұл жүйені кеңейтуге келісті.

Жұмыс тобының кезекті 15-отырысы Өзбекстанда өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале