22.02.2017, 10:32
Оқылды: 41

Сырттан тасымалданатын газ көлемі азаяды

 

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен брифингте «Жайықмұнай» ЖШС бас директоры Жомарт Даркеевтің сөзінен мәлім болды.  


- Чинарев кен орнындағы №3 газды дайындау қондырғысы құрылысы 70 пайызға дайын. Жобаны «жандандыру» жұмыстары екі жыл бұрын басталған. Күрделі технологиялық процесс болғанымен, оны жыл соңында іске қосамыз. Бұл қондырғы іске қосылғаннан кейін не береді десек, ол газ дайындауды 2,5 млрд. текше метрге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорын 1,2 млрд. текше метр газ өңдеуге қауқарлы болса, қондырғы іске қосылғаннан кейін жылына 3,8-4 млрд. текше метр газ дайындайтын боламыз. Жобаның іске қосылуы арқасында сырттан немесе өзге өңірлерден тасымалданатын газ көлемі азаяды.

Компания бүгінде 1,2 млрд. текше метр газды еліміздің ішкі нарығына шығаруда. Газ өндірісі молайғанда да, компанияда және қондырғы арқылы өндірілетін мұнайдың 15 пайызымен ел аумағын қамту көзделген, - деді Жомарт Даркеев.

Оның айтуынша, қондырғының көмегімен өндірілетін конденсат еуропалық елдерге экспортталады. Ал 2300 тонна сұйытылған газ өңірдің қажеттілігіне қалдырылып, соның 800 тоннасы жеңілдетілген бағамен сатылады.

       Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале