3.08.2025, 15:31
Оқылды: 206

«Сырым» өткізу пунктінде қайта жаңарту жұмыстары басталады

4 тамыздан бастап «Сырым» өткізу пунктінде қайта жаңарту жұмыстары басталатынын хабарлаған АҚ "ҰҚ "ҚазАвтоЖол" ресми арнасы  шектеулер, балама бағыттар және жүргізушілерге маңызды ақпарат жариялады.

сырыммм

Фото: сайт қорынан

2025 жылғы 4 тамыздан бастап Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан «Сырым» автокөлік өткізу пунктін қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары басталады. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты келесі шектеулер енгізіледі:
- Жеңіл автокөліктер үшін өткізу уақытша тоқтатылады;
- Қоғамдық көлік үшін шекарадан өту 2025 жылғы 31 тамызға дейін ұзартылды;
- Жүк автокөліктері үшін шекарадан өту электронды кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады (тәулігіне 500 көлік құралына дейін).

Мемлекеттік шекараны өтуге арналған баламалы өткізу пункттері:
1) «Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ) - екіжақты, Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған. KZ07-01 Орал - РФ шекарасы (Шаған өткізу пункті) автомобиль жолының 33 шақырымында орналасқан;
2) «Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ) - халықаралық өткізу пункті. KZ07-04 Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы (Ақсай өткізу пункті) автомобиль жолының 144 шақырымында орналасқан;
3) «Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ) - халықаралық өткізу пункті. KZ07-06 Орал - Тасқала - РФ шекарасы (Тасқала өткізу пункті) автомобиль жолының 104 шақырымында орналасқан.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы барлық жол пайдаланушыларға сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, аталған өткізу пункттерінде көлік қарқындылығының өсу мүмкіндігін ескеруді сұрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале