Бүгін "Жайық жүйрігі – 2023" бәйгесінің тай жарысы аяқталды.
Ағайынның делебесін қоздырып, көпшіліктің қанын қыздырған жарыс қорытындысында бірінші орын Теректі ауданы атынан шапқан Мерей Есенғалиевтің "Үміт" атты тайына бұйырды. Екінші орын Ақжайық ауданының намысын қорғаған Кенжемұрат Нұралының "Бағым-айна" тайына бұйырса, үшінші орын "Той думан" атты жас жүйрікке бұйырды. Оның иесі – Бәйтерек ауданының тұрғыны Есенғалиев Берік деген азамат.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz