Мобильді аударымға шектеу қойылып, ережелері өзгергеннен бастап еліміздегі такси жүргізушілері жолаушылардан төлемді тек қолма-қол ақша арқылы қабылдап жатыр. Ал қазіргі кезде кез келгеннің қалтасында қолма-қол ақша бола бермейді. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері такси жүргізушілері төлемді қалай қабылдау керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Мұны "e-Salyq Business", "Egov Mobile" және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобилді қосымшалары ("Halyq bank", "Kaspi bank", "BankCenterCredit") арқылы жасауға болады.
Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін онлайн режимінде кәсіпкерлік банк шотын ашуға болады, сол жерге көрсетілген қызметтер үшін төлемдер түседі. Ол үшін сізге тек смартфон қажет. Кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ", - делінген хабарламада.
massaget.kz