Бүгін «Атамекен» өнер ордасында бірыңғай республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім,адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында тамыз кеңесі жалғасып жатыр.
Сессия жұмысына педагогика саласының еңбек ардагерлері, депутаттар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының басшылары, білім бөлімдерінің, әдістемелік кабинеттердің, білім басқармаларының басшылары мен қызметкерлері, жоғары оқу орындарының педагогикалық құрамы, кәсіптік және техникалық білім ұйымдарының басшылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, НЗМ өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі қатысып жатыр.
Тамыз кеңесіне 900 адам қатысып отыр.
zhaikpress.kz