Биыл Тасқала ауданында 25 430 гектарға жаздық дәнді, 8 520 гектарға майлы дақыл егілген. Малазықтық дақылдардың аумағы – 4 180 гектар (86%). Ұжымдық бау-бақша 18,9 гектарды алып жатыр.
Сурет сайт архивінен
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар арқылы ауданда мал шаруашылығы тұрақты дамып келеді. Ауданның 78 агроқұрылымына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау» ережесі бойынша 228 млн 830 мың теңге субсидия төленді.
Сонымен қоса, аграрилер «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» қағидаларының игілігін көруде. Өткен 6 айда 38 шаруашылыққа техникалар сатып алу шығындарын өтеу үшін 315 млн 401 мың теңге демеуқаржы төленді.
Атап өтсек, жыл басынан бері агроқұрылымдар 17 бірлік трактор, 2 бірлік «New Holland» маркалы астық жинайтын комбайн, 20 құрал-жабдық сатып алды. Ауданға бекітілген лимитке сәйкес биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында жалпы құны 348 млн 888 мың теңгені құрайтын 41 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ ұсынған мәліметке сәйкес, 114 млн 981 мың теңгеге 19 өтінім қабылданды. Солардың 3-еуі қарастырылуда, 16-сы мақұлданып, оның ішінде екеуіне несие берілді, – деп баяндады аудан әкімі Талғат Шакиров өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Ауданда 1 679 адам шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылған. Бизнес субъектілері 1 млн 657 мың теңгеге өнім өндірген. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 29 шағын-орта бизнес субъектісіне 691 млн 415 мың теңге көлемінде несиелер беріліпті. Биыл өнеркәсіп саласы бойынша 1 инвестициялық жоба іске қосылған. Ақтау ауылындағы «MIDSU» ЖШС-ның «Bulak Su» премиум класты су өндірісінің құны – 120 млн теңге. Кәсіпкер бұл жерде 8 жұмыс орнын ашып отыр. Ауыл шаруашылығы саласында 5 инвестициялық жоба іске асырылуда.
«Қаладан ауылға» бағдарламасын іске асыру үшін шекара маңында орналасқан Достық ауылдық округінің Достық, Ынтымақ және Бастау ауылдары таңдап алынды. Аудан әкімінің сөзінше, ауылға көшуге қызығушылық танытып отырған отбасылар көп. Бүгінде Орал қаласынан бес отбасы, яғни
29 адам көшіп келді. Оның 10-ы ересек адам болса, 19-ы балалар. Тағы 10 отбасы ауданға қоныс аудармақ. Қазіргі таңда Достықта – 7 үй,Бастауда – 2 үй, Ынтымақта – 1 үй бос тұр.
Ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына 34 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Қазір 24 пәтер сатып алуға 381 млн 256 мың теңге бөлінген. Қалған баспанаға қажет қаражат күтілуде. Жоспар бойынша Ақтау ауылында 10 пәтер, Мерейде – 8, Атамекенде – 8, II Шежінде – 2 және Амангелдіде – 6 пәтер сатып алу көзделген.
Аудан басшысы өз сөзінде әлеуметтік, білім және денсаулық сақтау секілді өзге де салаларда атқарылып жатқан жұмысты баяндады. Мәселен, аудандағы мектептердің барлығы, яғни 362 ішкі
және сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Аудандық полиция бөліміне 4 мектептің, 3 мемлекеттік және 2 жеке балабақшаның камералары қосылған.
Ясипа Рабаева
zhaikpress.kz