12.04.2024, 16:48
Оқылды: 48

Тасқын басталғалы облысқа қанша гуманитарлық көмек келді?

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетіліп жатыр? Гумкөмек қалай бөлінеді? Осы және басқа да елді алаңдатқан мәселелерге арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек қабылдау штабының жетекшісі Аслан Тапишев жауап берді.

55b86e8c-5340-4d8a-a33c-efaf97773e7d

Аслан Нұрланұлының айтуынша, штаб сәуірдің 5-де «БҚО Азаматтық Альянс» бастамасымен құрылған. Гуманитарлық көмек жинау орталығы Орал қаласы ақпараттық технологиялар колледжінде Каримуллин көшесі, 2/1А мекен жайында орналасқан.

– Қазіргі таңда ел халқы табиғи апаттан зардап шеккен отандастарына жан-жақты қолдау көрсетіп, ауызбіршілік танытуда. Су тасқынына байланысты қиын жағдайға тап болған жерлестерімізге алғашқы гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған игі бастаманы өңірімізге белгілі кәсіпкерлер, ірі компаниялар, қала тұрғындары қолдауда. Сонымен қатар, партия мүшелері, облыстық маслихат депутаттары, этно-мәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері атсалысуда. Штаб ашылған күннен бүгінгі күнге дейін Алматы, Астана қалаларынан, Қырғыз Республикасынан, Алматы облысынан, Жетісу, Қызылорда облыстарынан гуманитарлық және қайырымдылық көмек қабылдады,–  деді Аслан Тапишев.

Осы уақытқа дейін облысқа Алматы қаласынан 10 тонна, Астана қаласынан «Аманат» партиясы атынан 735 дана төсек орын, 8,46 тонна азық-түлік, 54 қап гигиеналық зат, 29 дана жиналмалы керует келді. Одан бөлек, Астана қаласының тұрғындарынан 20 тонна көмек келді. Сондай-ақ Қырғыз Республикасынан 80, Алматы қаласындағы "Нұройлтренд" компаниясынан 6576 дана консервіленген сиыр еті, Алматы облысынан 130 тонна, Жетісу облысынан 85 тонна гуманитарлық көмек келді.

– Күні бүгінге дейін облыстық гуманитарлық көмек қабылдау штабына 330 тонна гуманитарлық көмек келіп түсті. Оның 213 тоннасы азық түлік, 31 тоннасы тұрмыстық-гигиеналық заттар болса, қалғаны төсек-жабдықтары, шаруашылық құралдары, қайықтар мен гидрокостюмдер, – деді Аслан Тапишев.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Фото: Замир Габдрахманов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале