4.05.2024, 15:42
Оқылды: 75

Тасқын сейілген аймақтарда дезинфекциялау жұмысы жүріп жатыр

Тасқын айтарлықтай сейілген облыстың төрт ауданында бұрын су басқан үйлер мен нысандарды дезинфекциялау жұмысы жүргізіліп жатыр.

IMG-20240504-WA0113

Ол туралы БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

Қазіргі таңда Сырым ауданы Өлеңті ауылында орналасқан 3 сібір жарасы жерлеу орнына, Сырым ауданының Жымпиты, Өлеңті, Бұлдырты ауылының және Қаратөбе ауданының Қоржын ауылындағы 4 мал қорымына, Сырым ауданындағы Қосарал ауылының су құбыры, аула аумақтары бар 124 тұрғын үй, септик және аула дәретханаларына, Қаратөбе ауданының Қоржын ауылындағы әкімдік ғимараты, мектеп ғимараты, тұрғын үйлер, және ауласын су басқан үйлер мен ауладағы дәретханаларға, Теректі ауданындағы Кемер ауылының ұңғымасы, Подстепное, Ұзынкөл, Шөптікөл, Төңкеріс ауылдарының мектептері, Подстепное ауылындағы 52 тұрғын үй және оның септиктері мен ауладағы дәретханалары Бөрлі ауданы Ақсу ауылының медициналық пункті, сонымен қатар тұрғын үйлерге дезинфекция жүргізіліп жатыр.

- Облыс аумағындағы 10 уақытша орналастыру пунктінде 2325 адам орналастырылды, оның 1006 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде аумақтық басқарма мамандары кезекшілік атқаруда. Кезекшілік кезінде су басу орындарынан эвакуацияланған халықты тамақтандыруды және орналасуын ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Уақытша орналастыру пункттерінде үй-жайлар уақтылы тазаланып тұрады. Дезинфекциялау және желдету жұмысы ерекше бақылауда, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Брифинг барысында облыстың бас санитары қарапайым тазалық ережелерін қатаң түрде сақтау керк екенін ерекше атап өтті.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале