26.09.2023, 11:15
Оқылды: 267

Тастөбе шайқасы туралы не білеміз?

Кешегі Исатай-Махамбет бастаған халық көтерілісі болған Тастөбе қай жерде орналасқан, соғысы қашан және қалай басталды сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

жп дала

Тастөбе соғысы туралы жазба деректерді алғаш жазғандардың бірі - подполковник Гекке.

Ол рапортында:

«1837 жылдың қарашаның 15-сі таңда отряд Тастөбеге жетті. Түнде мұздаған жігіттердің жылынуына, аздап тынығуына мұрсат беремін деп ойлағанмын. Алайда кенеттен 4 шақырымдай жерден бірнеше аттылы жігіттердің үлкен тобы қаптап шыға келді. Орындарынан жалма-жан ұшып тұрған отряд адамдары аттарына міне сала қарсы беттеді. Жақындаған кезде сайдың тасындай 500-дей аттылы жігіттің ортасында биіктеу төбе үстінде қасқая қарап тұрған Исатайды бірден таныдым. Біз ілгері жылжи түскенмен Исатай қаймығар түр байқатпады, қайта орыс отрядына аттарын ойқастата қыр көрсеткендей түр танытты» деп жазады.
Ол сондай-ақ:

«Соғысты бірінші болып Исатай жағы бастады, жігіттері отрядқа қарай мылтықтан оқ боратты. Олардың аттарының өте жақсы жаратылуы, әрі жігіттерінің найзаласуға асқан шеберлігі біздің казактардың асығыстығына қарағанда анағұрлым артық болды. Офицерлер сапты дұрыс ұстап тұра алмады да шабуылымыз бей-берекет болып кетті» деп соғыстың қалай басталғаны туралы баян етеді.

Гекке сонымен бірге: «Қолайлы сәтті пайдаланып, зеңбіректі шығаруға бұйрық бердім, қос зеңбіректен атылған екі дүркін залыптың нәтижесінде Исатай әскері үлкен дағдарысқа килікті. Дәл ортаға түскен зеңбірік оғынан олардың басын қорғай жан-жаққа бытырап қашуы қайта бірігуге жазбады, көптеген адамдар жараланды, бірнеше адам сол арада өлім құшты, көтерілісшілер бас-басына бытырай қашты» деп соғыстың жеңілу себебінде толық жазды

Қорыта айтқанда, қазіргі Жаңақала ауданының Бекетай құмы маңындағы Тастөбе біреулер ойлағандай бос төбе емес, ол Исатай-Махамбет бастаған халық күресі өткен жер.

Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале