14.12.2021, 14:45
Оқылды: 218

«Тәуелсіздік – тұғырым»

Тәуелсіздік жылдары Орал қаласында біраз бөбекжайлар салынды. Солардың бірі –  №37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайы. Мұнда мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар жүзеге асырылып келеді. Тәлімді мекенде жас ұрпаққа берілетін тәрбие мен білім мақтауға лайықты. Ата-аналардың көңілінен шығуда. Өскелең ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан бөбекжай ұжымының өз істеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Содан болса керек, мұнда ұйымдастырылатын іс-шаралардың деңгейі жоғары. Таяуда осында өткен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ертеңгілік сөзімізге дәлел бола алады.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 09.38.54

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұл ертеңгілікті «Таңшолпан» ересек тобы ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндердің бойына отансүйгіштік, елжандылық сынды ізгі қасиеттерді қалыптастыру, халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сіңіру, ұлтына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту. Егемендіктің 30 жылдығы туралы түсінік беру.

Әнұран ойналып болғаннан соң аталмыш топтың тәрбиеленушілері С.Диманова мен Қ.Қабесова мемлекеттік рәміздер туралы  айтып өтті. Содан соң олар «Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады, ол қандай мемлекет?» деп сұраған бойда топтағы барлық бала бірауыздан «біздің Отанымыз – Қазақстан, ол - тәуелсіз, егеменді мемлекет» дегенде тебіренбеген жан болған жоқ. Одан кейін тәрбиеленушілер егемендік турасында тақпақтарын айтты. Әсіресе Утебаев Дәулет оқыған:

«Ұлан байтақ жері бар

Пайдалы қазба кені бар

Тәуелсіз ел Қазақстан

Көркіне көркі  жарасқан» немесе Ғанимат Айдайдың:

«Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік - келешектің кепілі.

Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі» деген өлең жолдары әсерлі болды.

Адал да әділ, тәрбиелі де білімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруды мақсат тұтатын «Жұлдыз-ай» бөбекжайы туралы бір үзік сыр осындай.

«Таңшолпан» тобы ата-аналары атынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале