29.03.2021, 21:52
Оқылды: 160

Тәулік бойы тыным жоқ

Соңғы күндері ауа райының жылынуына байланысты Оралдағы «Жайық таза қала» ЖШС тәуліктік режімдегі жұмысқа көшкен. Жеке секторда қар шығару жұмыстары жүргізіліп, су сорғызу, арық тазалау жұмысы атқарылуда. ЖШС директоры Ринат Нұрғалиевтің айтуынша, қала бойынша үлкен және кіші екі арық айналмасы бар. Үлкен айналманың ұзындығы 4225 метр болса, кіші айналма 3125 метрді құрайды. Айналманың екеуі де ақпан, наурыз айларында толық тазартылған. Қала аумағында арық кәріздері жоқ деуге болады. Тек жолдардың жанындағы буландырғыш арықтарда су бір орында жиналып тұрады да, күннің ыстығында буланып, ұшып кетеді.

тәу

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 30 наурыз күнгі №25 санынан журналист Нұрымбек Жапақовтың «Тәулік бойы тыным жоқ» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале