19.11.2021, 15:50
Оқылды: 165

Таяу Шығыстан келетін жолаушыларға Қазақстан арқылы транзитпен Беларуське ұшуға тыйым салынуы мүмкін

Таяу Шығыстағы кейбір мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан арқылы әуе транзитімен Беларуське ұшуға уақытша тыйым салу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

1552221588_0_133_1280_853_1920x0_80_0_0_e0c0ffe4db291d26fc2280acada3c553

"Бұл мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен бірге зерделеніп жатыр", - дейді сұхбат берген мамандар.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан тура сондай шектеуді енгізген еді. Оған сәйкес, 17 қарашадан бастап Ауғанстан, Ирак, Йемен, Лива, Ливия мен Сирия азаматтарына Өзбекстан арқылы әуе транзитімен Беларуське ұшуға уақытша тыйым салынды. Бүгінде Беларусь мен Польша шекарасында мыңдаған мигрант жиналды. Барлығы Еуроодаққа заңсыз өтіп кетуге тырысып жүр. Осыған байланысты Польша билігі күзет шараларын күшейтті. Шекараға әскерилер тартылды. Олар мигранттардың заңсыз өтіп кетпеуін қадағалайды. Беларусь жағында жиналғандардың арасында Ирак, Сирия мен Йемен азаматтары бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале