4.08.2026, 11:30
Оқылды: 10

“Таза Қазақстан” акциясы: бейнекамералар заңсыз қоқыс орындарын жоюға көмектесуде

 Бейнекамералар заң бұзушылықтарды анықтауға және заңсыз қоқыс орындарын жоюға көмектеседі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

photo-output-6

Сурет: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі “Таза Қазақстан” бағдарламасын іске асыру шеңберінде белгіленбеген орындарда қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинаудың алдын алу, сондай-ақ мамандандырылған полигондардан тыс жерлерге сұйық қалдықтарды заңсыз төгудің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Жыл басынан бері полицейлер 1 578 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Экологиялық және санитариялық заңнаманың түрлі бұзушылықтары үшін 247 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған фактілер бойынша уәкілетті органдарға 324 материал жіберілді. Жергілікті атқарушы органдардың мекенжайына бұзушылықтарды жою туралы 1 035 ұсыныс енгізіліп, оның нәтижесінде 954 заңсыз қоқыс орны жойылды.

Бұдан бөлек, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 407 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай құқық бұзушылықтарды анықтау тиімділігі көбінесе бейнебақылау жүйелерін дамытумен қамтамасыз етіледі. Камералар заңсыз қоқыс тастау фактілерін уақытылы тіркеуге, құқық бұзушылардың жеке басын анықтауға және жедел әрекет ету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

“Жаппай бейнебақылау” жобасы шеңберінде Ішкі істер министрлігі елді мекендерді жедел басқару орталықтары мен полицияның кезекші бөлімдеріне бейнекөріністі шығара отырып, заманауи бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру жұмыстарын жалғастыруда. Жоба ел аумағын бейнебақылау камераларымен барынша қамтуды көздейді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 1,7 млн бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның 621 мыңы жедел басқару орталықтары мен полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған.

ІІМ бейнебақылау желісін кеңейту қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау тиімділігін арттыруға, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуының алдын алуға және елді мекендердің тазалығын сақтауға ықпал ететінін атап өтеді.

Ішкі істер министрлігі “Таза Қазақстан” бағдарламасын іске асыру, интеллектуалды бейнебақылау жүйелерін дамыту және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале