Оралда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жұмыс жалғасып жатыр.
Шараның мақсаты халық арасында қоғамдық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштік, туған жерге және қоршаған ортаға деген жанашырлық пен құрмет құндылықтарын дәріптеу.
– Қазіргі таңда Оралда «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясы ұйымдастырылып жатыр. Мақсатымыз халық арасында қоғамдық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отан сүйгіштік, жастар арасында туған жерге деген құрметті күшейту. Осыған дейін 5 кезеңнен «Жасыл аймақ» және «Туған өлке» бағыттары ұйымдастырылса, бүгін «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» кезеңдері өтіп жатыр. Әр кезеңде қатысқан жастардың саны 100-ден асады. Бұл жерде тек тазалау ғана емес, Орал қаласының тарихы да айталады. Бүгінгі «Мөлдір бұлақ» кезеңі экологиялық эстафета форматында өткізілмек. Яғни, жастар командаға бөлініп, өздеріне берілген аймақты тазалайды, - деді Орал қаласының жастармен жұмыс жөніңдегі ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев.
Іс-шаралар өңірлердің өзіндік жоспарына сәйкес апта барысында өткізіледі. Қатысушылар құрамында барлық санаттағы азамат, студент жастар, мектеп оқушылары, жастар ұйымдарының мүшелері, экобелсенділер, еріктілер бар.
Марзия Зеин
zhaikpress.kz