27.04.2024, 12:22
Оқылды: 53

«Таза Қазақстан» таза қаладан басталды

Оралда «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Кәсіпорындар, қала тұрғындары мен белсенділер шаһардың шырайын кіргізу жұмысына жұмыла кірісті. Сүйікті қаласының сәнін кіргізсек деген тұрғындар абаттандыру жұмысын қаланың шеткері аудандарынан бастады.

IMG-20240427-WA0064

Аталмыш акцияға екі мыңнан астам тұрғын, 50-ден астам техника жұмылдырылды. Орал қаласы тұрғын үй комуналдық шаруашылғы бөлімінің басшысы Азамат Халеловтың айтуынша, тазалау кезінде шаһардың шеткері аудандарына ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру ісі де басты приоритеттердің бірі болмақ. Тозығы жеткен балалар ойын алаңдары жаңартылып, тал егіліп, ескерткіштер жаңартылады. Бұлақ көздерін ашуға да белсенділер мен қала тұрғындары атсалысатын болады.

– Сүйікті қаламыздың тазалығы барлығымызға ортақ іс. Сенбілікке шығып, игі іске үлесін қосып жатқан әр тұрғын отанымыздың гүлденуіне үлкен үлес қосуда. Барлығымызға белгілі бұл акция Мемлекет басшысының тапсырмасымен 8 сәуірде басталды. Қалалар мен ауылдық елді мекендерді жинау, абаттандыру және көгалдандыру жұмысы әр қазақстандықтың абыройлы міндеті. Бір айдан астам уақыта созылатын акцияға белсенді қатысуға шақырамын,– деді сенбілікке келген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

InShot_20240427_121513951

Айта кетейік, аталмыш тазалық науқанының алғашқы аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды. Одан соңғы аптаға «Киелі мекен» атауы беріледі. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

IMG-20240427-WA0066

Ал «Жасыл аймақ» аталатын үшінші аптада көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі. «Өнегелі ұрпақ» деп аталатын аптада ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек көрсетіледі. Одан соң ел болып, «Мөлдір бұлақ» атауы берілген акцияның соңғы, бесінші аптасында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале