ҚР Экология министрлігінің дерегі бойынша, 2024 жылғы маусымнан бері жұмыс істеп келе жатқан TazaQazBot чат-боты арқылы ел тұрғындарынан 24 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Фото: EcologyofQazaqstan
Аталған цифрлық құрал заңсыз қоқыс үйінділері, толып кеткен контейнерлер, істен шыққан көше жарығы мен бүлінген жол жамылғысы секілді абаттандыру мәселелері туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді. Тұрғындар мәселе анықталған жердің фотосуретін тіркеп, геолокациясын көрсетіп, қысқаша сипаттама беру арқылы өтініш жолдай алады. Келіп түскен өтініштер құзыретті мемлекеттік органдарға жолданып, тиісті шаралар қабылданады.
Бүгінгі таңда түскен өтініштердің 22 мыңнан астамы, яғни 91,8%-ы толықтай орындалды.
Бұл бастама тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, қалалық инфрақұрылымның жай-күйін жақсартуға үлкен септігін тигізіп отыр.