ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында орналасқан кеден бекеттерінде Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 9 автомобиль өткізу пунктін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жазды.
Сурет: gov.kz
Өзбек тарапымен келісім бойынша (ноталар алмасу арқылы) жеке тұлғалардың «Тәжен» өткізу пунктін кесіп өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 3 айға бекетті қайта жаңарту кезеңінде жеке тұлғалардың өтуі, сондай-ақ жеңіл автокөліктің, автобустардың және 3,5 тоннаға дейін жүк көлігінің өтуі «Тәжен» (ҚР) – «Даут Ата» (ӨР) өткізу пункттері арқылы уақытша тоқтатылады.
Осыған байланысты, жеке тұлғалардың, жеңіл автокөліктердің, автобустар мен 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің ағынын Қазақстан-өзбек шекарасында орналасқан келесі өткізу пункттері арқылы қайта бөлінеді:
Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінің инфрақұрылымы жақсарады, жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі және тауарлар мен көлік құралдарының шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.