7.10.2019, 10:31
Оқылды: 435

Театрдың жаңа маусымы басталды

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ХХVII маусымы басталды.

teatr (1)

Жазушы, драматург Иран-Ғайыптың «буырқанып, бұрсанып, мұздай темір құрсанып», ел азаттығы жолында жанын құрбан еткен ақын, батыр Махамбет Өтемісұлына һәм халық қаһарманы Исатай Тайманұлына арналған трагедиялық «Махамбет» қойылымымен ашылды.

teatr (3)

ХIХ ғасырдағы саяси жағдай, халық ызасы, үрейі, қорқынышы, ерлігі, жанкештілігі суреттелген бұл пьеса кез кезген адамға әсер қалдырғаны анық. Әсіресе, біздің қоғамдағы жағдайларға тікелей қатысы бар ойлардың қонақтарды бір серпілтіп тастағаны анық. Әртістер де өз рөлін жоғары деңгейде ойнап шықты.

teatr (5)

Театрдың құрметті қонақтарының қатарында Ақұштап Бақтыгереева мен БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Қабдырұлы болды. БҚО әкімі Есқалиев Ғали Нәжімеденұлының атынан ықылас гүлі табыс етілді.

Мәрлен Ғилымхан

teatr (4) teatr (6) teatr (7) teatr (8) teatr (10) teatr (11)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале