13.08.2021, 10:51
Оқылды: 0

Тегін секциямен қамтылады

Бүгінгі таңда облыс бойынша 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Оларда жалпы саны 13384 жасөспірім тегін жаттығады. Сонымен бірге облыста 5 мыңға тарта жасөспірім жеке спорт секцияларына қатысып, жаттығуда.

 WhatsApp Image 2021-08-11 at 17.57.38 (2)

Мемлекет басшысының балаларды тегін спорттық секциялармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру ауқымында биыл 1 мамырдан мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмі енгізілді. Қазіргі күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өнім берушілерден өтінімдер мен қажетті құжаттарды қабылдау жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы арада айта кететін жайт, білім беру ұйымдарынан басқа меншік нысанына, ведомостволық бағыныстылығына, пішіні мен түріне қарамастан заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер өнім беруші болып саналады. Осыған байланысты artsport.edu.kz ақпараттық порталы дайындалып, іске қосылды. Аталмыш порталда өнім берушілердің құжаттарды тіркеуі және тапсыруы, сондай-ақ ата-аналардың немесе олардың ресми өкілдерінің балаларын спорттық секцияға қатысуға ваучер алу үшін жасалды. Осы порталға ата-аналар тіркеледі де, тегін спорттық секциямен қамтитын өнім берушіні таңдайды және оның қызметін бағалайды. Спорттық тапсырыс 4 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға арналған. Соның ішінде бұл тапсырыс ерекше қажеттілігі бар балалар үшін жүзеге асырылады. Облыс бойынша жан басына қаржыландыруға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде 2040 баланы спортқа тарту жөнінде шешім қабылданып, осы мақсатқа 194 209,0 мың теңге бөлінді.

 

Нұрым Нұрманов,

zhaikpress.kz

 

Нұрадин ЕРДӘУЛЕТ,

жас спортшы (Орал қаласы):

– Жасым 12-де. Бес жасымнан каратэмен айналысып келемін. Армениядағы халықаралық біріншілікте 1-орын, Мәскеу қаласында өткен ашық чемпионатта бас жүлде алдым. Республикалық және облыстық чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болдым. Мақсатым – каратэден қара белбеу иегері атану және болашақта жазғы олимпиадаға қатысып, Қазақстанның туын желбірету.

Солонго ИСХАН,
ҚР киокушинкай-кан каратэ федерациясы БҚО филиалының директоры
:

– Бұл шығыс жекпе-жегі облыста соңғы жеті жылда қарқынды дамуда. Осы уақыт аралығында шәкірттер жақсы нәтижелер көрсетті. Дәлірек айтқанда, еліміздің біріншілігінде жалпы командалық есепте бірнеше рет жеңіске жеттік. Жапония, Болгария, Армения, Ресейде өткен Азия және әлем біріншіліктерінен, халықаралық жарыстардан жүлделі орындар алдық. Болгарияның Варна қаласында өткен әлем кубогінде жеңіске жетіп, қанжығамызға алтын байладық. Жеті жыл ішінде 20-ға жуық ҚР спорт шеберлері мен спорт шеберіне үміткерлерді дайындадық. Киокушинкай-кан каратэ шығыс жекпе-жегінің толық байланысты түрі. Аталған спорт түрі балалардың  физикалық, психологиялық тұрғыдан жан-жақты үйлесімді дамуына мықты әсер етеді. Сол себепті бізге келетін спортшылар саны жылдан-жылға артуда. Бұған тағы бір гәп болатын жайт – спорт әлемінде шәкірттеріміздің жетістіктері мен федерацияның беделінде жатыр деп ойлаймын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале