16.01.2024, 19:00
Оқылды: 46

Telegram-да жаңа функция пайда болды

Енді Telegram-да бір реттік дауыстық және бейне хабарламаларды жазуға болады. Бұл туралы Риа Новости сайты жазды.

IMG-20240116-WA0000Фото: iguides.ru

Telegram қосымшасы қолданушыларына бірқатар мүмкіндіктерді жаңартты. Қосымшаны пайдаланушылар енді бір реттік дауыстық және бейне хабарламаларды жаза алады.

Сондай-ақ, пайдаланушылар жазу кезінде бейне немесе аудио хабарламаларды кідіртуге, содан кейін оны жібермес бұрын жалғастыруға да мүмкіндік алды.

Желтоқсан айының басында Telegram қоңырауларға жаңа анимациялар мен түрлі-түсті фондар қосты, олар қолдану барысында өзгереді: қоңырау кезінде, сөйлесу кезінде және аяқталғаннан кейін.

Сонымен қатар, мессенджер әзірлеушілерге қарапайым чатботтар мен шағын қолданбаларды экожүйеге енгізуге мүмкіндік беретін тегін бот құру платформасын жақсартты. Мысалы, боттар хабарламаларға реакциялар жібере алады, дәйексөздер мен сілтемелерді басқара алады, басқа чаттарға да қоса жауап беруге мүмкіндік бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале