Түркістан облысының Ордабасы ауданында қазақ күресінен Азия кубогі өтті. Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде еліміздің барлық өңірінің және Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қытай елінің палуандары күш сынасты.
Сайдың тасындай іріктелген білекті де жүректі жігіттер белдесуіне 300-ден астам палуан қатысты. «Түйе палуандар» сайысына автокөлік тігілді. Салмағы 90 келіден асатын палуандар күресінде қарсыластарын қоғадай жапырған жерлесіміз Темірлан Көлбай жеңіске жетті.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz